15.12.2021 ЖЫЛЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 10"Ә" сыныбында "Ғалым болам десеңіз....." тақырыбында мектеп психологы А.А.Жетибаева коучинг жүргізді. Мақсаты:оқушылардың өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге, өзін - өзі тануға ұмтылу,қызығушылықтарын арттыру. Коучинг барысында «Ғылымның өткені, бүгіні мен болашағы», «Ғылыммен айналысудың» тақырыптарды қамтылып, ғылымның қалыптасыуы мен даму ерекшеліктері және ғылымның басқада өзекті мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстандық ғылымның өткені, бүгіні мен болашағы жайлы пікір-талас, жан-жақты, еркін ой негізінде жүргізіледі.







