Мектеп тарихы

 

Ұлытау облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың 17 шілдедегі «Қарағанды облысы әкімдігінің Қарағанды облысы білім басқармасының «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернат» коммуналдық мемелекеттік мекемесін құру туралы» №43/03 қаулысына сәйкес негізі қаланды. Мектеп қызметін Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 166 мекенжайында орналасқан Жезқазған технология және сервис колледжінің 3 корпусында бастады. 

27.11.2020 жылғы Жезқазған қаласының әкімдгінің №44/05 қаулысына сәйкес 2021 жылы 4 қаңтарда 91-орам, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 43Д мекенжайында орналасқан жаңа ғимаратқа ресми түрде көшіріліп, қазіргі уақытта қызметін жалғастыруда.

2018 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының желісіне және 2020 жылы Республикалық «Абай желілік мектептері» құрамына енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы «Қарағанды облысының бірқатар білім беру ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы» № 890 қаулысы негізінде білім беру ұйымы 29.04.2021 жылы «Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернат» КММ болып өзгертілді.

Мемлекеттік мекеме 2022 жылдың 10 тамыздағы Ұлытау облысы әкімдігінің «Ұлытау облысы білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» №08/04 қаулысымен Ұлытау облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Мектебімізді әр жылдары басқарған, білікті басшы бола білген тұлғалар, яғни әр жылдардағы мектеп директорлары:

2017-2020ж.ж. – Мукишева Лайла Сайлановна

2021-2023ж.ж. – Бажибаева Алия Сулейменовна

2023 -2024ж.ж. – директордың м.а. Төлен Р.Қ.

2014 жылдан бастап «Үздік мұғалім-2022» төсбелгісінің иегері Капарова Динара Онгонисовна басқарады.

2017 жылдан бастап мектептің Ұлытау облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ даму бағдарламасының» даму стратегиясы бар. 2024 жылы мектептің сапа және академиялық саясаты әзірленіп, бекітілді.

Мектептің жобалық қуаты 900 оқушыға арналған. Оқытылу тілі қазақ тілі. Мектеп 1 аусымда жұмыс жүргізеді. Қазіргі уақытта мектепте білім алушылардың жалпы саны – 581 оқушыны құрайды. Сыныптар саны – 26 (5-11 сынып). Оқушылардың орташа жинақталуы – 25.

Қазіргі уақытта педагогтар саны – 52. Білімдері бойынша: жоғары білімді - 50, Phd доктор – 1, магистр – 11. Біліктілік санаттар бойынша: педагог-зерттеуші – 11, педагог- сарапшы – 15, педагог-модератор – 16.

Мектептің академиялық білім үдерісінің мәні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бейінін бөле отырып, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру арқылы білім берудің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру болып табылады.

2021 жылдан бастап мектеп «Ментор мектеп» жобасы бойынша Ұлытау ауданының мектептерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп келеді. Аталған жоба мектептермен бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «Lesson study» сабағын зерттеу бойынша мұғалімдерге арналған оқыту семинарлары, мектеп педагогтарына арналған «Super сабақ», жоғары сынып білім алушыларына арналған онлайн сабақтар, ҰБТ-ға дайындық, кәсіби бағдар беру жұмыстары, «Авторлық бағдарлама әзірлеу» семинарлары және т.б. өткізіледі. Мұғалімдер өз зерттеулерінің нәтижелерін пәндік журналдарда және БАҚ-та жариялайды, модератор ретінде конференцияларда сөз сөйлейді.

Мектеп «Оқуға құштар мектеп», «Педагогикалық шеберхана», «Репетитор оқушы», «Қызық сабақ», «Педагог волонтер», «Ментор мектеп» сияқты облыстық жобаларға белсене қатысады.

Мектепте оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қызметін дамыту мақсатында жүргізілетін «Математикалық сауаттылық», «Шешендік өнер», «Физика-болашақ мамандықта", «Экология және қоршаған орта», «Қолданбалы экономика және кәсіпкерлік», «Практикалық ағылшын тілі», «Туған елге тағзым» және т.б. курстары өнертапқыштардың, жаңашылдар мен көшбасшылардың зерттеулер жүргізуге, математиктер ретінде аналитикалық ойлауға шабыттандыруға және оларға мамандық таңдауда үлкен мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және зияткерлік тұрғыда дамыту мақсатында жүргізілетін «Сахна әлемі», «Дебат», «Күрес», «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Өркен медиа», «Экономика және қаржылық сауаттылық» үйірмелері оқушыларды шығармашыл, іздене білетін, нанотехнологияларды да, өнер әлемін де меңгерген тұлға ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жаңа модернде жабдықталған зертханалар, телестудия, медиацентр, артстудия, Фэшен студия, интеллектум студия кабинеттері, домбыра сыныбы, техникалық шеберханалар, қыш шеберханасы, Cooking Club кабинеті, хореграфия залы оқушылардың қажеттіліктеріне, өзін-өзі дамытуға жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, болашақта Абай залын және Абайдың атынан мұражай ашу жоспарланып отыр.

Оқушылардың денсаулығын сақтау және оларды сауықтыруына үлкен көңіл бөлінеді. Мектепте медициналық кабинет, психологиялық кабинеттер жұмыс жасайды. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт зал, гимнастика залы, баскетбол, футбол алаңдары, демалыс орындары, психологиялық релаксация кабинеті қарастырылған. Сапалы ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында мектепте соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған 350 орындық асхана жұмыс жасайды.

Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, өзін-өзі дамыта алатын зияткер тұлға даярлау миссиясын жүзеге асыратын мектептің жемісі де жеңісі де аз емес.

2022-2023 оқу жылы мектептің алғаш рет 44 түлек бітірді. ҰБТ-ға 44 білім алушының барлығы қатысты, орташа балл 75%. Олардың ішінде 3 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 1 түлек «Үздік аттестатқа» ие болды 2023-2024 жылы 83 тілек қатысып, орташа балл 83% құрады. 2023-2024 жылы 5 түлек «Алтын белгі» иегері, 15 түлек «Үздік аттестат» иегері болды.

Ең үлкен жеңістеріміз, 2022-2023 оқу жылы оқушыларымыз пән олимпиадасының облыстық кезеңінде 39 орын, республикалық кезеңінде 8 орын иеленіп, республикалық олимпиадалық 100 үздік мектеп тізіміне енсе, 2023-2024 оқу жылында да республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде 41 орын, республикалық кезеңінде 3 орын иеленіп, республикалық олимпиадалық 100 үздік мектеп тізіміне енді.жылында да республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде 41 орын, республикалық кезеңінде 3 орын иеленіп, республикалық олимпиадалық 100 үздік мектеп тізіміне енді.

Әрине, осындай жеңістердің артында ұстаз бен оқушының бірлескен үлкен еңбегі тұратыны ақиқат. Шәкіртінің жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі. Үйрете жүріп үйренері көп ұстаздарымыздың облыстық, республикалық кәсіби сайыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүргенін де мақтанышпен айтуға болады. Облыстық “Жыл мұғалімі-2021” байқауының Гран При иегері, «Үздік педагог-2022» республикалық байқауының жеңімпазы Д.Капарова, Спорт шеберлері Г.Ахметова, Ә.Кожабеков, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшелері А.Ташимова, «Үздік курс жетекшісі – 2022» облыстық байқауының ІІ орын жүлдегері Г.Сейтмаганбетова, «Үздік психолог-2023» байқауының жеңімпазы А.Жетибаева, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының жеңімпазы А.Жантенова, «Үздік жас маман – 2023» облыстық байқауының жеңімпазы А.Бақтыбайқызы, «Үздік дене шынықтыру пән мұғалімі» ІІІ орын жеңімпазы А.Сагинаев т.б. Мектеп командасы екі жыл қатарынан «Шабал оқулары» облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

2022 жылдың 20-қазаны мектеп үшін ерекше күн болды. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағанбетов біздің мектепке табан тіреді. Оқушылар қауымымен кездесуден бастаған Елбасы мен министр мектепті аралап, естелікке суретке түсті.