14.12.2021 ЖЫЛЫ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және облыстық, "Өнегелі өмір" жобасы аясында 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Жантенова Ақмарал Әлімсеитовна орыс тілі пәнінің мұғалімі және Ақшалова Жанат Аманбековна тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесу өткізілді. "А-school" сахна үйірмесінің оқушылары дайындаған сахналық қойылыммен басталған шарада одан әрі Желтоқсан оқиғасы мен оған қатысушы жастар ерлігі, олардың арман-мұраты жайлы кеңінен тарқатты, балалар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Іс -шара қонақтары қойылымды көріп өз әсерлерімен бөлісті.
https://zhezabayschool.edu.kz/kz/zhanaly-tar/91-aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-30-zhyldy-y-zh-ne-oblysty-negeli-mir-zhobasy-ayasynda.html#sigFreeIdfa4e2b0323







