Сүйінші!! Бүгін қазақ поэзиясының өкілі, жыр көшінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі облыстық байқауда мектебіміздің 8 - сынып оқушысы Көшербай Мақпал "Мен - һас сақтың қара өлеңі..." номинациясы бойынша 2-орын иеленді. Жетекшісі — Абай ОРАЗ. Байқауда бақ сынаған жүйріктерді Серік Ақсұңқарұлы өзі бағалады. Құттықтаймыз!