Бүгін көктемгі каникулдың жоспарына сай Алматы қаласы "Ұстаз-Ұлытау" педагогикалық трансформациялау орталығының лекторы, экономика ғылымдарының кандидаты А.Ш. Баекешева мектеп мұғалімдеріне арналған "Миссия, құндылықтар мен болашаққа бағдар - мектептерді тұрақты экожүйеге ауыстыру" тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Іс - шара барысында мектеп миссиясы, ерекшеліктері, басымдылықтары мен құндылықтары талқыланып, жұмыстар жасалды. 2 күндік семинардан мұғалімдеріміз әдістемелік құржындарын толықтырып, атқарар жұмыстарына бағыт-бағдар алады деген сенімдеміз.







