Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында «Наурыз ханымдары» атты байқау болып өтті. Аталмыш байқауға көп жылдық тәжірибесі бар, жоғары санатты ұлағатты ұстаздарынан 4 құрама қатысты. Байқаудың көздеген мақсаты - жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, ұмыт болған дәстүрді қайта жаңғырту. Байқау төрт кезең бойынша бағаланды. Олар — таныстыру, ұлттық тағамдар, сұрақ-жауап және өнер көрсету сайысы. Шара соңында жеңімпаз мұғалімдерге диплом, бағалы сыйлықтар берілді. Ұрпаққа берер өнегелеріңіз бен тағылымдарыңыз таусылмасын, құрметті аналар!