#салауаттыөмірсалты бағыты. Бүгін Ұлыстың ұлы күні - әз - Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен мектепішілік ашықбіріншілік өтті. Атап айтқанда, қазақша күрес, қолкүрес, арқан тартыс. Барлық қатысушылар жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Іс - шараның өтуіне бірнеше мәрте зор үлес қосқан, қаржылай демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Тембаева Мөлдір Ахатқызына айрықша алғыс білдіреміз. Барлық жеңімпаз оқушыларға медаль, диплом, бағалы сыйлық үлестірілді. Топтық арқан сайысына қатысушыларға ақшалай сыйақы табысталды.Сондай-ақ мектепке 6 дана (3 қызыл, 3 көк) күрес кимоносы сыйға берілді. Барлық жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!