22 Наурыз көктемнің Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында «Өркен аруы - 2022» атты сайыс ұйымдастырылды.

Сайысқа 9 - 10 сынып оқушыларының арулары қатысты. Көктем мерекесіне орай өткізілген бұл сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата - баба дәстүрін біліп, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық шеберлігін бағалау арқылы жеңімпаз аруды анықтау мақсаты көзделді.

Сайыстың бірінші кезеңі бойынша қатысушы қыздар өздерін таныстырып өтті. Мұнда аруларымыздың көркемдігі және сыр - сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түсті. Сайыстың ару қыздар әсем ән салып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік сайыстың нәтижесінде « Бұрымды ару» номинациясына Құрақпаева Ажар, «Сымбатты ару» Тортаева Жаннұр, «Өнерлі ару» Ақжолова Жасмин ие болды, сайыстың жеңімпаздары 3 орынға ие болған Бақыт Перизат, Өмірбек Айым, 2 орын Сламбек Сұлушаш, 1 орын Айтмұханбет Данира. Ал 8 қатысушы арасында топты жарып, "Бас жүлде" Қорғанбекова Жұлдыз иеленіп, жеңіске жеткен болды.

Мерекелік шара соңында сайысстың демеушілері Бөрібаев Мұрат Ерболатұлы - Жезқазған қалалық маслихат депутаты, Есмағанбетова Гүлзат көп балалы ана, жас кәсіпкер,

ЖШС«Бірлік импульс даму компаниясы» басшысы Ахмедиев Батырбек Балтабекұлы.

Әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды грамотамен марапаттап қатысушыларға, ата-аналарға алғыс білдірді.