«Ана мектебі» жобасы бүгін толықтай жүзеге асып жатыр. Аталған жоба аясында «Алтын оймақ» шығармашылық іс – шара өткізілді. Наурыз мейрамының қарсаңында «Халықтың сәндік қолданбалы өнердегі қазақ ою - өрнегі» тақырыбында технология пәнінің мұғалімдері Ташимова Алтынай Алиакпаровна мен Курмангалиева Байан Сайлаубековна іс – шараны үлкен жауапкершілігімен ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты ата – анамен оқушыларға ою-өрнекпен безендірілген тұрмыстық заттардың суреттерін көрсете отырып сәндік-қолданбалы өнер – халықтың өнері екенін түсіндіру.
Тұрмыстық заттарын жасап қана қоймай, оған қажет пішіні мен сипат берді, сол заттардағы әсемдікті аша көрсетіп, аналар қыздарына жеткізуге тырысты.
Іс - шара барысында ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін бағалады. Аналарымыз қыздарға дәстүрлі сырмаққа қолданылатын ою өрнек тігудің қыр-сырын үйретіп қандай ою түрлері бар екенін арнайы мастер - клас өткізді.