Бүгін Ұлыстың ұлы күні - әз - Наурыз мейрамы қарсаңында мектебіміздің биылғы бітіруші түлектері - 11-сынып оқушыларының ұйытқы болып, ұйымдастыруымен “BauyrsaqParty” шарасы өтті. Мерекелік іс - шара барысында Наурыздың негізгі нышаны болған, ертегі кейіпкерлері - Қыдыр ата, Тазша, Алдар, Жер - ана, Қаңбақ шал, Көктем қыз бейнесін сомдаған оқушылар көрерменді ыстық ықыласқа бөледі.

“Ас атасы - нан” демекші, бауырсақтың түр-түрі пісіріліп, көпшілікке таныстырылды. Шараның негізгі мақсаты - ұлттық тағамды ұлықтау, тәрбиелік мән - мағынасын түсіндіру. Жиналған көпшілікке бауырсақ таратылып, Қыдыр ата бата беріп, жұрт мәз - мәйрам қалыпта тарқасты.

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!