05.08.2022 жыл
Қуанышты жаңалық “EDU Stream”халықаралық білім беру компаниясы – «Экспресс Паблишинг» халықаралық баспасының Қазақстандағы ресми өкілі ағылшын тілі мұғалімдерінің әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы педагогикалық шеберлігін арттыру, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында бастауыш сынып мұғалімдері мен 5-11 сынып оқушылары арасында Республикалық байқау өткізді. Express Publishing оқулықтарына негізделген , осы іс-шарада мектебіміздің 9-сынып оқушысы Таева Аяулым “Креативті оқушы” номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қыздарбекова Ж.С. Құттықтаймыз!