09.08.2022жыл
2022 жылдың 9 тамызында Шымкент қаласында республикалық «Күміс қалам» фестивалі өтті. Аталған іс-шараға еліміздің әр облысынан 16 ақын арнайы шақырылды. Ұлытау облысынан делегат болып мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас ақын Абай Ораз қатысты. Абай Амангелдіұлы фестивальде өз туындысын оқып, арнайы тағайындалған қаламақы иегері атанды. Әріптесімізді құттықтай отырып, қаламыңыз ұштала берсін, жазарыңыз таусылмасын деген тілегімізді жеткіземіз!