24.08.2022 жыл
Қуанышты жаңалық!
Бүгін Ұлытау облысы білім басқармасының Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Раимбекова Динара Журсиновна және ардагер ұстаз, математика пәнінің мүғалімі Конысова Жумакул Абилдаевна "БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН" төсбелгісімен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз! Мәртебелеріңіз биік болсын!