19.08.2022
Сүйінші! Бүгін Елордада өткен педагогтардың жыл сайынғы республикалық тамыз кеңесінде Ұлытау облысы білім басқармасының Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Казангапова Венера Орынбековна Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" төсбелгісімен марапатталды. Венера Орынбековна өлшеусіз еңбегіңіз лайықты бағасын алған қуанышты күн құтты болсын! Сізге шығармашылық табыс тілейміз! Мәртебеңіз биік болсын!