01.09.2022 жыл
Мамыражай маусым, шаттыққа толы шілде, тамылжыған тамыз айы қуаныш пен бақытқа бөлеп, ерекше сағынышпен маңдайалды білім ордасына қайта оралды. Бүгін біздің еліміздің барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталды.
Абай атындағы мамандандырылған мектеп –интернаты 2022-2023 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиынына қатысқан құрметті қонақтары Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Омар Әнуар Серікбайұлы , Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Рустемов Жасулан Далкенович, Сәтбаев қаласы маслихатының депутаты Макишев Тұрсынбек Шамбылұлы. Мерекелік іс- шараны мектеп директоры Бажибаева Алия Сулейменовна мектеп табалдырығын аттап отырған 5 сынып оқушылары мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Алия Сулейменовна өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекше жыл екендігін айтып өтті. Сондай-ақ, 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап ата-аналар сөз сөйледі.
Қоңыраудың сырлы үні,
Жүрегімнің соғысы.
Қоңыраудың сыңғыры,
Тағдырлардың тоғысы, - деп жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау салтанатын соғу рәсімі 11 сынып түлектері Жанділдә Марат пен 2021-2022 оқу жылының «Жыл оқушысы» Сламбек Сұлушашқа және 5 сынып оқушылары Шабдан Мади мен Садыкова Еркеназға берілді.
Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, « Білімге ұмтылу - еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты алғашқы білім күні арналған сынып сағатына қатысты.







