Бүгін жас мамандар апталығы аясында жас ұстаздар бен тәлімгер арасындағы байланысты орнату, жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында “Мамандығым – мақтанышым” тақырыбында тәлімгерлер мен жас мамандар сайысы өтті. Сайысқа 7 жұп қатысты. Сайыс барысында бірін-бірі таныстыру, жағдаяттар шешу, нормативтік құжаттар бойынша сұрақ-жауап, ассоцияция әдістерінен бақ сынасты. Нәтижесінде Үздік тәлімгер және жас маман номинациясын дене шынықтыру және АӘТД пәнінің мұғалімдері Г. Д. Ахметова мен жас маман Е.Ж. Өмірзақов иеленді. Қалған сайыскерлер Шығармашыл ұстаз,Үздік спикер, Көрермен көзайымы, Үздік идея ұсынушы номинацияларымен марапатталды. Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!