Қуанышты жаңалық! Абай желілік мектептерінің шығармашыл, талапты шәкірттерінің арасында ұйымдастырылған “Өнерлі өрге жүзер…” тақырыбындағы көркем және сәндік қолтаңбалы өнер байқауында мектебіміздің 4 оқушысы қатысып, 3 оқушысы жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, “Ши, кесте тоқу” номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Жолтай Назым 1-орын, “Гобелен тоқу” номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Жолдығалиқызы Жансая 3-орын, “Киіз басу” номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Әбден Гүлсімай 3-орынға,”Кесте тоқу” номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Қыдырәлі Ұлжан Алғыс хатқа ие болды. Жүлдегерлер мен жетекшілері А. Ташимова және Б. Курмангалиеваға шығармашылық табыстар тілей отырып, жеңістерімен құттықтаймыз!