Бүгін мектебімізде ІІ, ІІІ тоқсанда өткізілген республикалық, облыстық олимпиадалар, интелектуалды сайыстар мен байқаулар, өнер, спорт сайыстары нәтижесі бойынша орын алған оқушыларымызды мараппатау рәсімі өткізілді. "Еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ" демекші, әр бағытта өз білімдері мен өнерлерін ортаға салып, білім бәйгесінен оза шапқан білімді, дарынды оқушыларымызды құттықтай отырып, әлі де биік белестерді бағындыра берулеріңе тілектеспіз!