2022 жылдың 18 сәуірінде «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» тақырыбында жас мамандар апталығының ашылуы өтті. Жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау көресету мақсатында ұйымдастырылған апталық аясында жас мамандарымыз сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен қатар жас мамандар мен тәлімгерлеріне арналған бірнеше іс-шаралар да жоспарланып отыр. Бүгінгі апталықтың ашылуында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.О. Капарова мен жас мамандар мектебінің тәлімгері А.У. Жантасова жас мамандардан педагогикалық қызметтеріне байланысты сауалнама алып, бірнеше тренингтер өткізді. Жас мамандар тәлімгерлерімен бірлесе жұмыстар жасады. Ұстаздарымызға алдағы аптаға сәттілік тілейміз!