Сүйінші жаңалық! 2022 жылғы 15 сәуірде «Дарын» ММИ және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар кафедрасымен бірлесіп Т.Ғ.Мұстафин атындағы «ІX Математикалық бәйге» сайысын өткізді. Бәйге zoom платформасында онлайн өтті. Осы сайысқа мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларынан құрылған «Алтын белгі» командасы қатысып жүлделі 2 орынға ие болды. Команда мүшелері: 8 сынып оқушылары Абдыкаримова Ұлмекен, Бердалин Ербол, 7 сынып оқушылары Жаңбырбай Жанерке, Бөлеген Асылай.
Жеңіске жеткен оқушыларымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!