Қуанышты жаңалық! Бүгін мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары Қарағанды қаласында өтіп жатқан облыстық “Болашаққа жолдама” форумына қатысып, жүлделі орындар мен Алғыс хаттарға ие болды. Атап айтар болсақ, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алтынай Алиакбаровна “ Үздік авторлық бағдарлама” сайысында “Жас сәулетші” таңдау курсын таныстырып, 2-орынға ие болды. Ал бизнес-стартап байқауында мектебіміздің 9-сынып оқушысы Молдашова Аружан “Котокафе” жұмысын ұсынып, бизнес жоспарымен таныстырды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!