22 Наурыз көктемнің Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында «Өркен аруы-2022» атты сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа 9-10 сынып оқушыларының арулары қатысты. Көктем мерекесіне орай өткізілген бұл сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық шеберлігін бағалау арқылы жеңімпаз аруды анықтау мақсаты көзделді.
Сайыстың бірінші кезеңі бойынша қатысушы қыздар өздерін таныстырып өтті. Мұнда аруларымыздың көркемдігі және сыр-сымбаты, жүріс-тұрысы сынға түсті. Сайыстың ару қыздар әсем ән салып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік сайыстың нәтижесінде « Бұрымды ару» номинациясына Құрақпаева Ажар, «Сымбатты ару» Тортаева Жаннұр, «Өнерлі ару» Ақжолова Жасмин ие болды, сайыстың жеңімпаздары 3 орынға ие болған Бақыт Перизат, Өмірбек Айым, 2 орын Сламбек Сұлушаш, 1 орын Айтмұханбет Данира. Ал 8 қатысушы арасында топты жарып, "Бас жүлде" Қорғанбекова Жұлдыз иеленіп, жеңіске жеткен болды.
- Мерекелік шара соңында сайысстың демеушілері Бөрібаев Мұрат Ерболатұлы- Жезқазған қалалық маслихат депутаты, Есмағанбетова Гүлзат көп балалы ана, жас кәсіпкер,
ЖШС«Бірлік импульс даму компаниясы» басшысы Ахмедиев Батырбек Балтабекұлы .
Әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды грамотамен марапаттап қатысушыларға, ата-аналарға алғыс білдірді.
View the embedded image gallery online at:
https://zhezabayschool.edu.kz/kz/zhanaly-tar/250-22-nauryz-k-ktemni-lysty-ly-k-ni-merekesi-arsa-ynda-rken-aruy-2022-atty-sajys-jymdastyryldy.html#sigFreeIdc8ae20f406

https://zhezabayschool.edu.kz/kz/zhanaly-tar/250-22-nauryz-k-ktemni-lysty-ly-k-ni-merekesi-arsa-ynda-rken-aruy-2022-atty-sajys-jymdastyryldy.html#sigFreeId7bcdfef8db
https://zhezabayschool.edu.kz/kz/zhanaly-tar/250-22-nauryz-k-ktemni-lysty-ly-k-ni-merekesi-arsa-ynda-rken-aruy-2022-atty-sajys-jymdastyryldy.html#sigFreeId7bcdfef8db