Қарағанды облысының білім басқармасы “Сарыарқа дарыны” балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік кинолентасы!” балалар киносының облыстық фестиваль-байқауына қатысып, жүлделі І орынды мектебіміздің 8 “В” сынып оқушысы Сламбек Наргиз иеленді. Жетекшісі: Калманова Жанель Тынымбаевна. Байқауда ең өзекті “Жезқазған қаласының экологиялық мәселелері қалай шешіледі?” тақырыбында репортаж түсірілді. Репортаждың толық нұсқасын @orken.news парақшасынан көре аласыздар.