Белдессең – бекем бол.
“Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Бүгін 2022 жылдың 9-наурызында Жезқазған қаласы мектеп оқушылары арасында шахмат жарысының ашылу салтанаты өтті. Шахмат лигасының жарысына 6-16 жас аралығындағы қала мектептерінің және Абай Атындагы Мамандандырылған Мектеп-интернатының оқушылары қатысып отыр. Бұл жарыс 9-наурыз бен 11-наурыз арасында “Өркен” мектебінде өтеді.
Бастала сала қыза түскен дода швейцариялық жүйемен топтық есепте жүргізілді. Ойын барысында жас жеткіншіктер бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті.
Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Адамның ақыл-ой дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға , ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін дамытады. Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді. Сондықтан шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.
Партиямыздың төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Бұл шараның негізгі мақсаты жасөспірімдердің шахматқа деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге дұрыс бағыт беру және салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастардың интелектуалды ойлау қабілетін дамыту болып табылады.
Бұл ойды өрбітіп турнирді “Өркен” мектебінің директоры Бажибаева Алия Сулейменқызы және жарыстың бас төрешісі Қожабеков Әділхан Омарұлымен ақылдасып, өткізбекші болдық. Өзім қалалық мәслихат депутаты ретінде, Amanat Partyaсының мүшесі ретінде Кен байыту фабрикасының еріктілерімен бірігіп турнирді өткізуге бел будық.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жарыста озып шығар!
Дүбірле бақшам, дүбірле,
Жақсылық болсын үйіңде.
Қуаныш толып жүзіңде
Арнаулы жолдан сүрінбе,
Жарыста нағыз мықтылар,
Жеңіске жетер түбінде.
View the embedded image gallery online at:
https://zhezabayschool.edu.kz/kz/zhanaly-tar/243-09-03-2022-beldesse-bekem-bol.html#sigFreeId2d1497b58c
https://zhezabayschool.edu.kz/kz/zhanaly-tar/243-09-03-2022-beldesse-bekem-bol.html#sigFreeId2d1497b58c







