Дүниежүзілік шахмат тарихы өзінің шайқастарымен, қаһармандарымен және ерліктерімен ерекше. Шахмат әдемі – оның сұлулығы бәсекеде, шахмат бірегей – адам ойлауында шек жоқ.
Бүгін «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатының шахмат өмірінің тарихында жаңа парақ пайда болды, ол мектеп шахмат лигасы турнирінің беті. 2022 жылдың 9 наурыз күні шахматтан мектеп турнирінің ашылуы салтанаты өтті. Іс –шараның қонақтары және демеушілері Жезқазған қалалық маслихатының депутаты Бөрібаев М.Е. және ЖК «Мустафин». Турнирге қала мектептерінің және «Өркен» мектебінің оқушылары қатысты. Түрнир үш күнге созылмақ.