Бүгін, 04 наурыз күні жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық Ә.Кекілбаев оқулары байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту болып табылады. Байқау қашықтан ұйымдастырылып, ZOOM платформасында 4 бағыт бойынша өткізілді. Байқауға жалпы облыс бойынша 60 оқушы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды.
1. Мәнерлеп оқу бағыты бойынша:
мектебіміздің 10-сынып оқушысы Сламбек Сұлушаш 2-орынға ие болды. Жетекшісі Ораз Абай Аманкелдіұлы.
Жеңімпазымызды құттықтаймыз!







