Бүгін мектебімізде “Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі” деп аталатын іс-шарамыз өтті. Ондағы негізгі мақсат оқушыларымыздың бойына қазақи тәрбиені, болмысты дарыту. Іс-шарамыздың қадірлі қонағы ретінде Зейекина Шаку Төлегенқызы, Молдағалиева Шүкір Әбдіғалиқызы, Нақыпбекова Гүлжан Әбжановна оқушыларға үлгі-өнеге, аңыз-әңгімелер, ақылдарын айтып, ойларымен бөлісті. Оқушыларымыз өздерінің ризашылығын білдіріп, алдағы келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады.