04.03.2022 жылы 10"А" сыныбының жетекшісі Байжантаева Раушан Тилеулиновнаның ұйымдастыруымен "Қыз тәрбиесі - ұлт болшағы" тақырыбында "Өркен" медия орталығында қаламыздың құрметті азаматтары, "ҚР білім беру ісінің үздіктері", ардагер-ұстаздар Бекетова Ақыл Әубекқызы мен Мұқанова Құралай Абылайханқызымен сұхбаттасу кеші өтті. Іс-шара барысында қазақ қызының тәрбиесі туралы келелі әңгіме қозғалды. Бұл шараның мектептегі жасөспірім қыздарға берер өнегесі мен тағылымы мол болды.