01.03.2022 жылы
Қазақтың ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атындағы облыстық байқау 25 ақпан күні ZOOM платформасында 3 бағыт бойынша өткізілді. Байқауға жалпы облыс бойынша 50 оқушы қатысты. Осы байқауға мектебіміздің оқушылары да қатысып, «Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Болатбекова Аяулым Мадақтамаға ие болды.Құттықтаймыз! Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байжантаева Раушан Тилеулиновна.







