2022 жылғы 25 ақпанда қазақтың тұңғыш математигі, профессор, қазақ тіліндегі «Жоғарғы математика курсы» оқулығының авторы Әлімхан Ермеков атындағы математика пәнінен облыстық олимпиада қашықтан өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, теориялық білімін және практикалық біліктілігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамуына қолдау көрсету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, оқушыларды математика пәнінен республикалық, халықаралық олимпиадаларға іріктеу және дайындау, облысымыздағы білім дәрежесін көтеру.

Олимпиадаға мектебіміздің 8-сынып оқушылары қатысып 2 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. 2-орын Абдыкаримова Ұлмекен жетекшісі Тезекбаев Асылбек Қабиұлы, 3-орын Амангелді Жанболат жетекшісі Конысова Жумакул Абилдаевна. Қалған оқушыларымыз сертификаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!