24.02.2022 жылы мектебімізде облыстық “Ауыл-қала” жобасы аясында Ұлытау ауданы мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған «Білім кеңістігі — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен оқушының жетістікке жету негізі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарға Ұлытау ауданы білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп директорлары және орынбасарлары қатысты. Іс-шара барысында мектеп директоры А.С. Бажибаева мектебіміздегі қосымша білім беру кабинеттерінің жұмыс барысын, мектептің тыныс-тіршілігін таныстырды. Сонымен қатар семинар қатысушылары ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Мектеп директорының орынбасарлары Д.О. Капарова мен Ш.М. Калиханова мектептегі әдістемелік және дарынды оқушылармен жұмыс түрлерін таныстырып, шығармашылық жұмыстар орындатты. Ал орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Л. Лазарева Lesson stady бойынша семинар-коучинг өткізді. Рефлексия барысында семинар қатысушылары іс-шараға байланысты ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын, ұсыныстарын жеткізді. Аталған іс-шара келешекте де жалғасын таппақ.