Адам екі түрлі жағдайда қателеспеуі керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда
2022 жылдың ақпан айының 22-і жұлдызында қаламыздағы Қарағанды облысы білім басқармасының Абай атындағы мамандырылған мектеп-интернаты білім ордасына жол түсті. Бұл мектеп 900-ге жуық баланы қабылдап, білім бере алатын мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта 500-ден аса балалар оқып жатыр. 100-ге жуық балалар жатОблыстық “Өнегелі өмір” жобасы аясында “Мамандық таңдауда мамандар кеңесі” тақырыбында 10-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Қарағанды облысының құрметті азаматы, “Қазақмыс корпорациясы” жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров ағамыз, Жезқазған қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова Jezqazğan Densaulyq, Жезқазған қаласының білім бөлімінің басшысы Женис Алмаганбетов, Жезқазған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Марат Ақшалов, “Жезказганский вестник” редакциясының басшысы Эльвира Алпанбаева, Жезқазған қаласының әкімшілігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Данияр Арынгазин және мен де қалалық мәслихаттың депутаты, өндіріс басшысы Nur Otan партиясының мүшесі ретінде қатыстым. Елге еңбектері сіңіп жүрген, өңіріміздің жанашырлары, ұлы тұлғалар мен өз істерінің абыройлы мамандарымен президиумға отыру - маған үлкен мәртебе болды. Оқушылардың сұрақтарына әр спикер қалай мамандық таңдағандарын айтып, өздерінің өмірде болған қызық жайларымен бөлісті. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау болып саналатындығын оқушыларға жеткізуге тырыстық. Мектеп қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, мектеп президенті болып, университет қабырғасында “Nur Otan” партиясының “Жас Отан” жастар қанатының белсенді мүшесі болып сабақты қоғамдық жұмыстармен бірге алып жүрдім. Әр оқушы жан-жақты дамып, жетілуі керек. Осы ойымды мектеп оқушыларына жеткіздім.
Төлеген ағамыз жаңадан ашылған мектепке батасын берді.
Бұл мектеп - өңіріміздің брендіне айналуы тиіс. Қарапайым өңіріміздің оқушыларына көптеген мүмкіндік жасалынған. Сыныптардың жабдықталуы, әр баланың икеміне қарай қосымша пәндердің болуы қуантарлық жай. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға шақырған үшін мектеп директоры Әлия ханымға алғысымды білдіремін.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Болашақ түлектеріміз өмірлеріндегі ең басты қадамдары - дұрыс мамандықты таңдайды деген сенімдеміз







