Бүгін Өркен мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бисенгалиева Айгүл Қайыржанқызының ұйымдастырумен "Оқу үдерісіндегі нормативті құжаттар: білім сапасының көрсеткіші" атты коучинг өтті. Коучинг барысында мектебіміздің шығармашылық тобы жас мамандарға оқыту процесінде басшылыққа алатын нормативті құжаттармен жұмысты талқылап, әдістемелік көмек берсе,жас мамандар АКТ сауаттылығы, соның ішінде "Zoom"және "wordwall" плотформасымен қалай жұмыстанатыны жөнінде нұсқаулық берді. Әдістемелік көмек беру мақсатында жұмыс әлі де жалғасын табады.