#өзін-өзітану

07 ақпан күні  Мектебімізде дәстүрлі «Өзін – өзі тану – ізгілік әлемі» атты апталығы өтуде. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға өзін – өзі тану пәні арқылы рухани – адамгершілік тәрбие мен білім беру. Сүйіспеншілікке, ізгілікке, нәзіктілікке тәрбиелеу.

Апталық аясында мұғалімдер арасында «Нұрға бөлену» жаттығуы, «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық жағынан дайындау» аутотренингі, «Өзара түсіністік өнері» тренингі өткізілді. Мақсаты: жағымды ойлауды, өмірге оптимистік көзқараспен қарауды дамыту, ұжымдағы өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.

Іс-шаралар қызықты және әсерлі өтті.