04.02.2022 жылы "Цифрлық әлем" апталығы кезінде робототехника үйірме жетекшісі Утенова К. Ж. "Алгоритм тізбегі" танымдық квест ойының өткізді. Квест ойыны күндегі сыныптағыдай партаға отырып емес жүріп орындайтын, қызығымен қатар қиындығы бірге жүретін топтық ойын. Бұл ойынды ойнай жүріп тапсырмаларды орындау барысында тапсырмалардың қиын екенін сезбей қызығына батып кететін жағдайлар орын алады. Адамдармен араласу, топтасу барысында пәндік білімдерімен оқулықтан алған білімдерін шын өмірде қаншалықты қолдана алатындығын дәлелдеу мақсатында ұйымдастырылған квест-ойынына Оқушылар жоғары белсенділік танытып, алғашқы келген топтарға сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.