13.01.2022 ЖЫЛЫ
2022 жылдың 13 қаңтарынaда мектебімізде “Заманауи білім берудегі мектептің инновациялық бағыттары” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте 2-тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, әдістемелік кафедралардың 1-жартыжылдық қорытындысы, пән мұғалімдері жұмыстарының рейтингісі,оқушылардың оқу-зерттеу қызметі бойынша мониторингісі талқыланып, сараптама жасалды, пән мұғалімдері тарапынан ұсыныстар жасалды. Пән мұғалімдері А.А.Ташимова, Э.А.Бракенова “Пәндерді интеграциялап оқыту - бүгінгі күн талабы” тақырыбында көркем еңбек және химия пәндерін интеграциялап оқыту бойынша шеберлік сағатын өткізді. А.Л.Лазаревна “Инновациялық білім беруде заманауи сабақты жоспарлаудағы жобалау әдістемесі” тақырыбында SMART талдау жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В.О.Казангапова “Сыни ойлау - оқушыларды табысты оқытудың шарты” тақырыбында Блум таксономиясы бойынша сабақтың технологиялық картасын көрсетті. Педкеңестен әр мұғалімнің өз қоржынына алары болды. 2021-2022 оқу жылының 2-жартыжылдығында аталған жұмыстар жалғасын табады.