29.12.2021 ЖЫЛЫ
#оқуғақұштармектеп
Бүгін мектебімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында ұйымдастырылған кітап оқу байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау мектеп қызметкерлері және оқушылар арасында ұйымдастырылды. Қызметкерлер арасында 3-орынды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лазарева Ақбота Лазаревна және Кожабаева Айжан Алиаскаровна, 2-орынды математика пәнінің мұғалімі Конысбаева Рая Даулетовна, 1-орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байжантаева Раушан Тилеулиновна иеленді. Оқушылар арасында 3-орынды 7 “А”сыныбының оқушысы Серік Томирис пен 5 “В” сынып оқушысы Ағайдарова Інжу, 2-орынды 8 “А” сынып оқушысы Бердалин Ербол, 1-орынды 6 “Б” сынып оқушысы Әбдиманап Гүлсезім, Бас жүлдені 5 “В” сынып оқушысы Жақсылық Рауан иеленді. Мұғалімдер арасындағы жеңімпаздар мектеп директоры Алия Сүлейменқызы тағайындаған ақшалай 15000,10000,5000 сыйақылармен, оқушылар арасындағы жеңімпаздар 3-орын қолшатыр, доп, 2-орын сағат, 1-орын скейтборд, Бас жүлде велосипедпен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жүлдегерлер сыйлығын тағайындаған мектеп директоры Алия Сүлейменқызына алғысымызды білдіреміз! Кітап оқиық, білім көзі - кітапта.







