22.12.2021 ЖЫЛЫ Сүйінші! Құттықтаймыз! «Қарағанды облысының кейбір білім беру мекемелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 890 қаулысы негізінде Қарағанды облысы білім басқармасының “Өркен” мамандандырылған мектеп-интернатына ұлы Абайдың есімі берілді. Мектеп республикалық «Абай» мектептер желісіне енді. Бұл тарихи оқиға іргелі білім ордасының мерейін асқақтатып қана қойған жоқ, көптің тілегін де қабыл етті. Мектебіміздің қазақтың бас ақыны, ұлы Абайдың есімін иеленуі мектеп ұжым үшін игілікті іс болды. Жезқазған қаласында орналасқан Абай атамыздың атымен аталатын білім ордасында үлгілі, білімді, тәрбиелі, дарынды шәкірттеріміз көп болсын! Баршаңызды құттықтаймыз!!!