2021 жылдың 7 желтоқсанында 5-6-сынып оқушылары арасында Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиадаға мектебімізден 12 оқушы қатысып, 7 оқушы жүлделі орынға ие болды. Атап айтар болсақ,
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 6-сынып оқушысы Алтынхан Назым 3-орын;
2.Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5А сынып оқушысы Жұмабай Амина 3-орын;
3.Тарих пәні бойынша 6Б сынып оқушысы Егембергенұлы Әліби 2-орын;
4.Математика пәні бойынша 6В Дайрабай Бекжан 3-орын;
5.Ағылшын тілі пәні бойынша 6А сынып оқушысы Кенжебекова Айдана 3-орын, 5Б сынып оқушысы Оңашабай Жандос 3-орын;
6.Жаратылыстану пәні бойынша 5В сынып оқушысы Сман Мади 3-орын иеленді. Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, үнемі биіктен көріне беріңдер деген тілегімізді жеткіземіз! Жеңістерің құтты болсын! Жүлдегер оқушыларды дайындаған пән мұғалімдерінің еңбегі де ерекше. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» деп дана Абай айтқандай, ұстаздарға шығармашылық табыс тілей отырып, талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін дейміз!








