15.12.2021 ЖЫЛЫ Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 9 желтоқсанда «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен «Эрудит» олимпиадасына мектебімізден оқушылар қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 7 Ә сынып оқушысы Жаналинов Нұрасыл 1-орын;
Ағылшын тілі пәні бойынша 7Б сынып оқушысы Бақытов Ерасыл 1-орын;
Ағылшын тілі пәні бойынша 8 Ә сынып оқушысы Бердібай Аяулым 1-орын;
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 8 Ә сынып оқушысы Марат Алуа 3-орын иеленді. Оқушыларымызды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!








