Ұлытау облысы білім басқармасының "Абай атындағы мамандандырылған мектеп- интернаты" КММ 2025 жылдың 12—14 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру мақсатында институционалдық аккредиттеуден өтуде. Аккредиттеу үшін "ARQA" агенттігінің сараптама тобы 12 мамыр күні мектебімізге келді.







