29.03.24д. 7 - сынып оқушылары арасында "Ата - анамның жұмыс орнына саяхат" атты әлеуметтік жоба аясында оқушылар бейнероликтер түсірілімін жасады.

Әлеуметтік жоба мақсаты: Ата - ананың жұмыс орнына саяхат жасау арқылы болашақта мамандық таңдауына бағдар жасау; ата - аналарын құрметтеп, еңбектерін бағалап, жауапкершілік пен тәртіп нормаларын білуге дағдыландыру. Оқушылар ата - аналарының жұмыс орындарына барып, арнайы түсірілген бейнероликтерінде ата-аналарының қызмет етіп жүрген мамандықтарын үлгі тұтып жариялады.