ХАБАРЛАНДЫРУ!!
ӨЗ ҚАБІЛЕТІН ШЫҢДАҒЫСЫ КЕЛЕТІН ТАЛАПТЫ ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҮЙІРМЕЛЕР МЕН КУРСТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ КҮТЕДІ.
 
Құрметті ата-ана! Егер Сіз балаңыздың өз уақытын тиімді пайдаланып, қызығушылықтарына қарай рухани дамуына үлесіңізді қосқыңыз келсе, онда сізді Ұлытау облысы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты бойынша 2022-2023 оқу жылында жұмыс жасайтын үйірмелер мен курстардың жәрмеңкесіне шақырамыз! Жәрмеңке аясында спорттық үйірмелер, шахмат, домбыра, хореография, тоғызқұмалақ, дебат, аспаздық, қолөнер, театр т.б.үйірмелер мен журналистика, медиа, ақындар мектебі, шешендік өнер, Art студия, жаһандық құзыреттіліктер сияқты курстар өз жұмыстарын ұсынатын болады. Келіңіздер! Көріңіздер! Тіркеліңіздер! Үйірмелер мен курстар туралы ақпаратты  google forms платформасында жүргізілетін сауалнамадан ала аласыздар. 
Өтетін орны: Алашахан даңғылы 43-Д, Абай мектебі
Өтетін уақыты: 2 қыркүйек 2022 жыл 
8-11 сыныптар үшін сағат 12.00-13.00
5-7 сыныптар үшін сағат 13.00-14.00