“Ұлытау облысы білім басқармасының Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты” КММ 2022 жылдың 10-20 тамыз аралығында келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайтынын хабарлайды:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 3 орын 
2. Тарих пәнінің мұғалімі - 1 орын 
3. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі -1 орын 
4. Дене шынықтыру - 1 орын                   
5. Әлеуметтік педагог - 1 орын                    
6. Информатика (уақытша) - 1 орын  
7. Интернат-тәрбиешісі - 3 орын  
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, біліктілік сәйкестігі, біліктілік санаты: педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер; 
еңбек өтілі - 3 жылдан кем емес. 
Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 10-20 тамыз күндері аралығында жүзеге асырылады. Конкурс өткізілетін күн: 22.08.2022 жыл, сағат 10.00.
Мекен-жайы: Жезқазған қаласы, 
Алашахан даңғылы 43-Д, кабинет 109-А
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Байланыс нөмірі: 87774832339