Қарағанды облысы Жезқазған қаласының білім бөлімінің “N 10 жалпы білім беретін мектебі” КММ- де “Жас Ұлан” ұйымының белсенділерімен “Алғыс бата ал” тақырыбында жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсетілді.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
Әрқашанда қарт адамдарға көмек көрсетіп,ақ баталарын,алғыстарын алып жүруге тәрбиелеу.








