«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 22-24 ақпан аралығында «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты республикалық форумның облыстық кезеңін өткізді. Форум 4 номинация бойынша өтті. Қарағанды облысы бойынша барлығы 118 оқушы қатысты.

Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру. Осы форумда мектебіміздің оқушылары әр номинация бойынша жұмыстар жіберіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ,

Номинация «Осындай мамандық бар» 1-орын – Әбдіқадыров Жанкелді,

Номинация «Менің кәсібім – менің бизнесім» 1-орын –Молдашева Аружан,

Номинация «Мамандық кеше, бүгін, ертең» 3-орын – Байзекеш Бейбарыс.

Облыстық кезеңде 1-орын алған 2 оқушымыз Әбдіқадыров Жанкелді, Молдашева Аружан республикалық кезеңге жолдама алды.Оқушыларымызды және жетекшілерін құттықтай отырып, республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!