03.02.02.2022"Цифрлық әлем" апталығының үшінші күні 10-сыныптар арасында "Жас мобилограф V 0.1" жобасы ұйымдастырылды. Жобаға робототехника үйірмесінің жетекшісі Утенова Куралай Жумагалиевна жетекшілік жасады. Жобаның мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, қазіргі заман талабына сай күнделікті қолданыстағы смартфон арқылы видео монтаждауды үйрену, жасалған жобаны ұсыну. Іс-шара нәтижесінде оқушылар "Менің заманауи мектебім" тақырыбында өз жобаларын жасап, Жезқазған қаласы “N3 Білім-Инновация” лицейіне челендж ретінде жолдайды.