12.01.2022 ЖЫЛЫ
Бүгін мектебіміздегі шығармашылық топтың 1,2-деңгейлі мұғалімдері Р.Д. Конысбаева, Ж.А.Акшалова, В.О. Казангапова “Lesson Study-дің тиімділігі” тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл туралы нақты ақпараттар беріліп, топтық жұмыстар жасалды. Сонымен қатар 4 фокустық топ құрылып, 3-тоқсанда зерттелетін сыныптар анықталды. Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Шығармашылық топтың ұстаздарына алғыс айта отырып, жұмыстарына сәттілік тілейміз!








