11.01.2022 ЖЫЛЫ

Бүгін мектебімізде Алматы қаласындағы “Ұстаз-Ұлытау” орталығының жоспарына сәйкес “Мектептептегі корпоративтік мәдениет” тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Тренингті орталықтың маманы Асем Сатыбалдықызы Оразбекова жүргізді. Ұжымдық мәдениет, мектептің миссиясын жүзеге асыру барысындағы қадамдар т.б. өзекті тақырыптар қарастырылған іс-шара барлық ұстаздар қауымының көңілінен шықты. Аталған іс-шара көктемгі каникул кезінде де жалғасын таппақ. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!