«Қарағанды облысы білім басқармасының «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты»КММ
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Хаттама № 1
11.09.2021 жыл
Катыскандар:
- Пирекенова Г.И.
- Бисенов М.Қ.
- Батырбекова К.
- Жалелова М.
- Тагырбергенова Н.Қ.
- Нысанбаева Г.Ж.
Шақырылғандар: Бажибаева А.С. - мектеп директоры, Раимбекова Д.Ж. - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Күн тәртібінде:
- Мектеп қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту.
- ҚК Төрағасын, ҚК Төрағасының орынбасарын, ҚК хатшысын сайлау.
- Негізгі жұмыс бағыттарын анықтау, әдістемелік ұсыныстармен және білім беру жүйесінде қамқоршылық кеңестерді құру бойынша нормативтік құқықтық базаның өзгерістерімен танысу; мектеп Жарғысымен таныстыру.
- 2021-2022 оқу жылына арналған ҚКжұмыс жоспарын бекіту
- Әр түрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы бойынша Д.Ж. Раимбекова ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 ж. № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау төртінші үлгілік қағидаларымен» таныстырып отті. Қамқоршылық кеңес мүшелері бекітілді.
Екінші мәселе бойынша Қамкоршылық кеңестің төрағасы Пирекенова Гулмира Изкеновна мен хатшысы сайланды. Бірауыздан қамқоршылық кеңестің төрағасы хатшысы болып Раимбекова Динара Журсиновна сайланды.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры А.С. Бажибаева мектеп Жарғысымен таныстырып өтті.
Төртінші сұрақ бойынша жылдық жоспармен таныстырып өтілді.
Бесінші мәселе бойынша Қамкоршылык кеңестің жұмыс бағыттары белгіленді. Қамқоршылык кеңес мүшелері мектептің дарынды балаларға арналған білім ұйымы болғандықтан мектепті алға дамыту қажеттілігі айтылды, инновациялық бағытта білім берудің озық тәжірибелерін енгізу міндеттері қойылды. Басты міндет оқушыларға сапалы білім беру. Болашақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылығын дамыту мақсатында зерттеу орталықтарын, технопарк, лабораториялар құру ұсыныстары айтылды.
Қамқоршылық кеңесі жұмысының басым бағыттары төмендегідей белгіленді: 1) Мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасын жетілдіру; 2) МЖМББ стандартынан тыс білім беру процесін жүзеге асыруда зертханалық орталық ұйымдастыруды қолдау; 3) Дарынды оқушыларға, үздік педагогтарға қолдау көрсету; 4) Мектеп-интернаттағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсету; 5) Спорттық, сыныптан тыс шараларды, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды колдау.
Шешім: 1.Мектептің Қамқоршылық құрамы бекітілсін.
2.Қамкоршылық кеңес мүшелерінің дауыс басымдылығымен Қамкоршылық Кеңестің төрағасы –Пирекенова Гүлмира Изкеновна, хатшысы – Раимбекова Динара Журсиновна сайлансын.
3.Қамкоршылық кеңесі жұмысын жүргізуде ҚР Білім және ғылым министрінің Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары мен «Қарағанды облысы білім басқармасының «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты»КММ Қамкоршылық Кеңесінің ережесі басшылыққа алынсын.
4.Қамкоршылық кеңесі жұмысының басым бағыттары бекітіліп, жұмыс жоспарына енгізілсін.
Қамкоршылық кеңес төрағасы: Пирекенова Г.И.
Хатшысы: Раимбекова Д.Ж.
Камкоршылык кеңес мүшелері:
Бисенов М.Қ.
Батырбекова К.
Жалелова М.
Тагырбергенова Н.Қ.
Нысанбаева Г.Ж.







